Майя Санду Молдавиядағы президент сайлауында жеңіске жетті. Бұл туралы Еuronews хабарлап отыр.
Елдің ОСК мәліметтері бойынша, Еуропалық әрекет және ынтымақтастық партиясының жетекшісі 57%-дан астам дауыс жинады, ал оның қарсыласы Игорь Додон шамамен 42% дауыс жинаған.
«Бүгін біз молдавандардың таңғажайып ынтымағына куә болдық. Дағдарысқа, мемлекеттік институттарға деген сенімсіздік пен «арам» үгіт-насихат жұмыстарына қарамастан, көп адам дауыс беруге келді», - дейді Молдавияның жаға сайланған президенті.