Сергек Іле-Алатау паркіне де жетті - Ұлттық парк аумағына 30 камера қойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сергек Іле-Алатау паркіне де жетті - Ұлттық парк аумағына 30 камера қойылады

16.11.2020
Сергек Іле-Алатау паркіне де жетті - Ұлттық парк аумағына 30 камера қойылады

Экология вице-министрі Ерлан Нысанбаев ​​Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағына 30 эко-сергек, яғни, күні-түні бақылау жасатын камера қойылатынын хабарлады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Вице-министр бұл ақпаратты  «Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде экотуризмді дамыту бойынша құрылған Қоғамдық кеңестің Алматы қаласындаөткен көшпелі отырысында хабарлаған. 

«Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің тапсырмасымен парк аумағында бас-аяғы қалдық жинайтын 31 жаңа алаң ашылып, 225 контейнер пайда болған. Құрғақ және дымқыл қалдықты екі бөлек салып әкету үшін Қазақстан баламасы жоқ техника құрастырды», - деп хабарлаған миинистрліктің баспасөз қызметі. 

Дереккөзіне сүйенсек, 2019 жылы Ұлттық паркке 300 901 адам келген.  Бұл көрсеткіш артады деген жоспар бар, сондықтан, 2030 жылға дейін парк аумағындағы қоқысты сұрыптау деңгейін 85% жеткізу көзделген. 

«Іле-Алатау ұлттық паркінде 30 «Эко-Сергек» камерасы орнатылады. Жоба жергілікті әкімдікпен бірге жасалмақ. Азаматтардың табиғатқа шығу мәдениетіне қарап, осындай шара қабылдауға мәжбүрміз. Халық табиғат аясына шыққан соң, артынан қоқысын жинамай кетеді, темекі тастайды, шоқтарын өшірмей кетеді. Вандализм фактілері де кездеседі. Әрине, «Эко-Сергекті» енгізудегі басты мақсатымыз айыппұл салу емес, ағарту, түсіндіру жұмыстарын жүргізу»,- дейді Ерлан Нысанбаев. 

Камералар тек туристерді тәртіпке салып қана қоймай, өрт шыққан кезде жедел дабыл қағып, жылдам әрекет етуге, браконьерлерді анықтауға септеспек. 

Хабарламаларға жазылу