44 күнге созылған Қарабақтағы соғыс аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

44 күнге созылған Қарабақтағы соғыс аяқталды

15.11.2020

44 күнге созылған Қарабақтағы соғыс аяқталды. Қарашаның 10-да Әзірбайжан, Армения және Ресей басшылары соғысты тоқтату туралы келісімге қол қойды. Ол бойынша армян жағы Таулы Қарабақтың айтарлықтай аумағынан айырылады, оның маңындағы бұрын басып алған аудандарды қайтарады. Ал 2 мыңдай ресей солдаты екі жақтың түйісетін линияларында және Қарабақты Армениямен байланыстыратын Лачин дәлізінде, сонымен бірге Әзірбайжан мен оның эксклавтағы, яғни басқа мемлекеттердің қоршауында жатқан Нахичеван автономиялы республикасын байланыстыратын дәлізде тұрады. Бір сөзбен айтқанда, аймақтағы бейбітшіліктің сақталуын Ресей әскері бақылайды. 

Басында Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Қарабақта түрік бітімгерлері де болады деп қалған. Бұл жаңалыққа біз таңғалғанбыз. Күткендегідей, Ресей мұны жоққа шығарды. Бұрынғы Кеңес одағының аумағын бақылау, ықпалынан шығармау саясатын ешкімге бере қоймайтыны, олай болған жағдайда қандай әрекеттерге баратынын жақсы білеміз.

Дегенмен Таулы Қарабақтағы соғыс аяқталғанымен, Таулы Қарабақ мәселесі түпкілікті шешілген жоқ. Армения Степанакерттен айырылып қалмау үшін мына келісімге келуге мәжбүр болды деп жазады сарапшылар. Үлкен саясаттың көзге көрінбейтін иірімдерін көрсететін Данияр Қайыртайдың сараптамасы.   


Әзірбайжан Армения Таулы Қарабақ

Хабарламаларға жазылу