Соңғы бірнеше күнде нығая бастаған төл ақшамыз қайта әлсіреп жатыр. Бүгін теңге долларға шаққанда 2 теңгеге арзандады. Бағамның сәл құбылуына қара алтын бағасының арзандауы себеп. Бұған дейін ОПЕК+ ұйымына мүше елдер өндірісті қайта арттыру мәселесін талқылаған еді. Мұнай бағасының құбылуына осы әсер етті дейді сарапшылар.
Сонымен қор биржасындағы сауда нәтижесі мынадай. АҚШ ақшасы - 431, Еуро - 508, Рубль - 5 теңге 60 тиын.
Досжан Маратұлы