Елордада түнгі клуб әкімшісі карантин режимін бұзғаны үшін екінші рет қамауға алынды. Рейдке шыққан мобильді топ «Алания» клубының түнгі 12-де жұмыс істеп тұрғанын анықтаған. Заң бұзғаны үшін клуб әкімшісі үш күнге қамауға алынды. Ол осыған дейін де бір күнге қамалған болатын.
Амангелді Сейітхан