Қазақстанда тұрмыстық қалдықты бөлек жинау жүйесі енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда тұрмыстық қалдықты бөлек жинау жүйесі енгізілді

13.11.2020

Елімізде алғаш рет қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау жүйесі іске қосылды. Іле-Алатау ұлттық паркі аумағында 30-дан астам қалдық алаңы орнатылып, 225 контейнер сатып алынды. Оның 135-і қайталама шикізатты жинауға, қалғаны тамақ қалдықтарына арналған. Бұл мақсатқа 33 млн теңге қаржы бөлінді. 

Жыл сайын Іле-Алатау саябағынан 6000 шаршы метр қоқыс шығарылады. 2030 жылға дейін парк аумағындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау деңгейін 85%-ға жеткізуді жоспарланған.  

Медет Құмарғалиев, «ӨКМ Операторы» ЖШС басқарма төрағасы:
Қазақстанда әсем жерлер көп. Бәріміз демалғанды жақсы көреміз. Бұрын осы уақытқа дейін қатты қалдықтарды қоятын жер жоқ дейтін. 31 участок қойдық. Кірлетпей, ластамай, арнайы орнына салуды сұраймыз.

Хабарламаларға жазылу