Елшілік қызметкері Нұр-Сұлтанға ауру әкелді - Сәдуақас Байғабылов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елшілік қызметкері Нұр-Сұлтанға ауру әкелді - Сәдуақас Байғабылов

13.11.2020
Елшілік қызметкері Нұр-Сұлтанға ауру әкелді - Сәдуақас Байғабылов

Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов сыртқы саяси ведомство қызметкерінің COVID-19 жұқтырғанына қатысты мәлімдеме жасады. 

«Ресей Федерациясы елшілігінің қызметкері халықаралық рейспен Нұр-Сұлтанға келді, бірден ПТР-тест тапсырды. Зерттеу  Ресей азамытының коронавирус инфекциясын жұқтырғанын анықтар берді. Қазір елшілік қызметкері қалада 14 күндік карантинде жатыр», - дейді Сәдуақас Байғабылов журналистерге жіберген ақпаратында.

Вирус табылған адам Ресей азаматы екенін, Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істейтітін, Нұр-Сұлтанға келгендегі мақсаты - Ресей Федерациясының елшілігіне бару екенін айтқан. 



Хабарламаларға жазылу