Павлодарда мердігер компания қар үстіне асфальт төсеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда мердігер компания қар үстіне асфальт төсеген

12.11.2020

Павлодарда мердігер компания алғашқы қар түскенде жолға асфальт төсеген. Мұны естіген шаһар басшысы дереу сол жерге барып жұмысты тоқтатты. Жазда осы аумақта жылу магистралін салған «Павлодар жылу жүйелері» серіктестігі құрылыс алаңын қалпына келтіру керек болатын. Бірақ ала жаздай уақытты созып жүріп алған мердігер енді ауа райының қолайсыздығына қарамастан тапсырыс берушіге жұмысты өткізбек болған.  

Айта кету керек, осыдан екі апта бұрын тағы бір мердігер компания жолдағы жапырақтардың үстіне асфальт төсегені үшін жазаланған болатын.

Ержан Имансләм, Павлодар қаласының әкімі:   
-Технологиялық талаптардың бұзылғаны айқын көрініп тұр.Бұл жерде қандай сапа болуы мүмкін? Жұмыс тоқтатылсын. Мердігер компанияны жауапқа тарту керек. 

Ал, Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Қарабұлақ ауылының тұрғындары көшедегі жаңа асфальттің сапасына көңілі толмайды. Төселгеніне бір тәулік қана бірақ, асфальт үгітіліп жатыр. Тіпті қолмен күш салмай қайта қопарып алуға болады дейді тұрғындар.Мердігерге кемшілікті жою міндеттелді.

Болат Аманбаев       


Павлодар мердігер компания асфальт

Хабарламаларға жазылу