Жемқорлықпен күрес бойынша еліміздің халықаралық рейтингтегі позициясы жақсарды. Базель мемлекеттік басқару институты жариялаған индексте Қазақстан, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Украинаны басып озып,
141 елдің ішінде 73-інші орынға тұрақтады. Қаржы мониторингі комитетінің хабарлауынша бұл еліміз үшін соңғы үш жылдағы ең жоғары көрсеткіш. 2018 жылмен салыстырғанда позиция 45 тармаққа жақсарған.
Ал, антирейтингті Ауғанстан, Мьянма, Сенегал, Кения секілді елдер бастап тұр. Эстония, Андора және Финляндия болса ең қауіпсіз елдердің қатарында.
Досжан Маратұлы