Түркістан облысында Сарыағаш ауданының үш тұрғыны өзбек азаматтарын шекарадан жасырын өткізіп келген. Олар осы қызметі үшін әр өзбекстандықтан 150 мың теңгеден алған. Полицейлер күдіктілердің бірін шекара маңынан қолға түсірді. Оны тінту барысында қалтасынан қомақты ақша табылды. Тергеу барысында шекарадағы ауыл тұрғындарының соңғы екі айда 10 өзбекті жасырын өткізгені анықталды. Қазір үш адам күдікті ретінде қамауға алынды.
Салтанат Қаракөзова, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:- Оларға қатысты қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 392 және 394-баптары бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол «Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту» және «Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» бойынша. Болған оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады.
Айнұр Ақбаева