Әуе тасымалы саласында 4,8 млн адам жұмыссыз қалуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әуе тасымалы саласында 4,8 млн адам жұмыссыз қалуы мүмкін

11.11.2020

Әуе тасымалы саласында 4,8 млн адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы осындай болжам жасап, трансшекаралық сапарға қойылған шектеуді алып тастауды сұрады. Қауымдастық өкілдерінің айтуынша, әлемде әуе тасымалы былтырға қарағанда 75%-ке қысқарған. Авиакомпаниялар шығын көлемін азайтқанмен, қордағы қаражат тек 8,5 айға жетеді. Сондықтан карантин талаптарын сақтай отыра, COVID-ке тест тапсырудың әлемдік ортақ жүйесін құруды ұсынды. Сондай-ақ әр ел билігінен авиацияға қаржылық қолдау көрсетуді сұрады. 

Ақерке Бектас


Әуе тасымалы жұмыс

Хабарламаларға жазылу