Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы стационар жанынан оттегі станциясы салынды. Ал карантин басталғалы мұнда 2 мыңнан астам шетелдік азамат жатқызылды. Жалпы еліміздің Өзбекстанмен шектесетін Сарыағаш ауданындағы стационарда 180 төсек-орын жасақталған. Аудандық аурухана зертханасының тәулігіне 500-ге жуық сынама алуға мүмкіндігі бар. Емдеу мекемесі 2-3 айлық дәрі-дәрмек қоры және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген. Таяуда орталық аурухана жанынан салынған жеке оттегі станциясы іске қосылды.
Бауыржан Оспанов, Сарыағаш ауданы орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:-Орталықтандырылған оттегіні өзі өңдеп ауруханаға жеткілікті мөлшерде беріп отырады. Осыған дейін 70 нүкте болған. Қосымша қазір 134 болды. Барлық палатаға, реанимация бөліміне қойылған.
Ғани Қалмаханов