Елордада IX Азаматтық форум өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада IX Азаматтық форум өтеді

11.11.2020

Елімізде 23-27 қараша аралығында IX Азаматтық форум өтеді. Қазір оған дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Биылғы шара «Қоғам және мемлекет: серіктестік пен дамудың 30 жылы «Birgemiz» тақырыбын арқау етеді. Дәстүрлі форум азаматтық қоғам апталығы форматында өтеді. Делегаттар сарапшылық, пікірталас және оқыту шараларына қатысады. Бұл ретте, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі белсенді ұйым өкілдерін елдегі өзекті мәселелерді ескере отырып, форумның күн тәртібін қалыптастыруға атсалысуға шақырады. Биылғы шара 4 тақырыптық бағытты қамтиды.

Болат Тілепов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:
Бірінші - жергілікті өзін өзі басқару мәселесі. Екінші - қоғамдық бақылау сұрағы. Үшінші – үкіметтік емес ұйымдардың өзінің бәсекеге қабілеттілігі және төртінші бағыт – қоғам мен бизнес арасындғы әріптестік.
Динара Сәдуақасова, Қазақстан азаматтық альянсының атқарушы директоры:
Жалпы, форум арқылы біраз мәселелер шешілуде. Әртүрлі мемлекеттік органдармен кездесулер жоспарлануда. Және осы қатысушылар тікелей билікке өздерінің ұсыныстарын, идеяларын жеткізуге мүмкіндіктері бар. 

Дарын Сағитов

Азаматтық форум

Хабарламаларға жазылу