СІМ Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СІМ Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

11.11.2020

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабақтағы соғыс қимылдарының тоқтатылуына қатысты мәлімдеме жасады. 

«Әзербайжан президентінің, Армения премьер-министрінің және Ресей президентінің Таулы Қарабақ қақтығысы аймағындағы атысты және барлық әскери іс-қимылды тоқтату туралы мәлімдемесін жоғары бағалаймыз. Бұл уағдаластық БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес келеді және Таулы Қарабақ проблемасын реттеу үшін негіз болады. Осы келісімге қол жеткізудегі Ресейдің сындарлы рөлін және оның уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға бағытталған бітімгершілік күш-жігерін ерекше атап өтеміз. Осы күрделі кезеңде әзербайжан мен армян халықтары бейбітшілік пен келісім орнату, өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сенімді іргетас қалауға ұмтылатындарына үміттенеміз», - делінген хабарламада.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу