Трамп штаттарды сотқа берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп штаттарды сотқа берді

11.11.2020

АҚШ-та президент сайлауы өткелі бір апта болса да, дау әлі басылар емес. Дональд Трамптың әкімшілігі дауыстарды санау барысында алаяқтыққа жол берілді деп, штаттарды сотқа беріп жатыр. Арыздардың көпшілігі дәлелдің аздығынан қабылданбай жатыр. Дегенмен Ақ үй басшысы биліктен үміт үзбей, Twitter-де «Біз жеңеміз» деп жазба қалдырған. 

Ал сайлауда көпшілік дауысқа ие болған Джо Байден Трамптың бұл әрекеттерін «масқара» деп, жеңілісті мойындауға шақырып отыр. 77 жастағы демократ билікті қолға алуға дайын екенін және бұл мақсатта оған ештеңе кедергі болмайтынын жеткізді. Ел астанасында жаңа басшының инаугурациясына дайындық басталып та кетті. Айта кетсек, президенттің ант беру рәсімі қаңтардың 20-на жоспарланып отыр. 

Жансая Қапасқызы

АҚШ Президент сайлауы

Хабарламаларға жазылу