Көмір жағып, энергия өндіріп жатқан ел біз ғана емеспіз. Еуропада да мұндай елдер бар. Отынның осы түріне жүгінетін ТОП-5 елдің қатарына Германия, Польша, Чехия, Нидерланды, Ұлыбритания кіреді. Бірақ олардың барлығы ең озық технологиялармен жабдықталғандықтан, экологияға ешқандай зиян келтірмейді. Сондықтан Еуроодаққа мүше елдердің осы озық тәжірибесіне сүйене отырып, біздің кәсіпорындарда тиімді технологияға көшуі тиіс. Бұл туралы бүгін Елордада «Жасыл» экономика және ең озық технологияларды енгізу мәселесі бойынша ІІ Халықаралық конференция кезінде айтылды.
Қазақстан халқының өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған шарада арзан әрі жаңа технологияларды елдегі электр станцияларына жаппай енгізу мәселесі жан-жақты талықланды.
Елдос Абаканов, Қазақстан экологиялық ұйымдар қауымдастығы басқарма төрағасының орынбасары:Бақылауды қалай жасау керек? Біріншіден, ірі кәсіпорындар қолжетімді жаңа технологияларға өту керек. Сол себепті бүгінгі шараға ірі кәсіпорындардың өкілдері қатысып отыр.
Ақниет Балтанова
