Министр пандемия БАҚ саласына қалай әсер еткенін айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Министр пандемия БАҚ саласына қалай әсер еткенін айтты

11.11.2020
Министр пандемия БАҚ саласына қалай әсер еткенін айтты

Қазақстандық БАҚ білікті әрі бәсекеге қабілетті екенін көрсетіп келеді. Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан «Astana Media Week-2020» шарасында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева осылай деді.

«Біз кәсіби журналистиканың дамуына мүдделіміз. Осынау міндет жаңа тегеуріндерге қарай күрделеніп бара жатқанын да атап өту керек. Жалпы, пандемия ақпарат саласына өз әсерін тигізді. Яғни, жарнама берушілер азайып, шығарылымдардың данасы түсіп кетті. Осындай жағдайда көптеген бұқаралық ақпарат құралдары жабылуға мәжбүр болды.
Қазір БАҚ арасында сағат сайын оқырман мен көрерменнің ықыласын аудару бәсекесі жүріп жатыр. Сондықтан әрбір арна сапалы әрі қызықты контент жасауды ойлайды. Әлеуметтік желілер арқылы жұмысын көрсетуге тырысады. Бұл ретте біздің БАҚ жоғары біліктілігі мен бәсекеге қабілеттілігін көрсетіп келеді. Олардың аудиториясы әр уақытта қызықты болуын тілеймін. Қызықты материалдар ұсынып, көрермендердің жүрегінен жол табуына тілектеспін», - деді министр шараның ашылу салтанатында.


Astana Media Week журналистика

Хабарламаларға жазылу