Мұнай бағасы қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай бағасы қымбаттады

10.11.2020

Brent 10%-ке қымбаттап, қазаннан бері алғаш рет баррелі 43 долларға жетті. Бұған америкалық және германиялық компанияның коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан сәтті өткізуі себеп. Сарапшылардың айтуынша, вакцинаға қатысты жаңалық коронадағдарыс қаупін сейілткен. Бұған алда ОПЕК келісімі ұзарады деген болжам да әсер етті. Brent-тен бөлек, WTI маркалы мұнай бағасы да 8,37%-ке өсіп, баррелі 40 доллардан асқан еді.   

Бірақ АҚШ пен Еуропада вирус жұқтырғандардың көбеюінен бүгінгі сауда-саттықта қара алтын құны сәл арзандады. Brent маркалы мұнай 42 долларға, ал WTI 39,75 долларға бағаланды.

Ақерке Бектас


Мұнай Brent WTI

Хабарламаларға жазылу