Алаяқтардың тағы бір айласынан сақ болыңыз. Алматылық азамат халықты шетелдік компанияға жұмысқа шақырып, 32 млн теңгені қолды қылған. Тұрғындарға Еуропада жалақысы жоғары жұмыс ұсынып, ақшасын алған соң, алдап соққан. Ал жеке кәсіпкер ретінде тіркелген көкшетаулық әйел 11 адамды алдап, 4,7 млн теңге ұрлаған. «Норвегияда жұмыс тауып беремін» деген желеумен халықты алдаған алаяқ биыл 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Құқықтық статистикаға сүйенсек, биыл алаяқтыққа қатысты 300-ге жуық қылмыстық істі тергеу аяқталды. Халыққа келген шығын көлемі 247 млн теңгеден асқан.
Ақерке Бектас