Түркиялық инвесторлар Қазақстанға 160 млн доллар құймақ. Kazakh Invest-тің мәліметінше, шетелдік компания өкілдері жыл соңына дейін 5 инвестициялық жобаны жүзеге асырады. Түркиялық кәсіпкерлер инфрақұрылым, машина жасау, тамақ өнеркәсібі және ағаш өңдеу саласына қаржы салуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, логистикалық және сауда ойын-сауық орталығы, жылыжай құрылысын да бастайды. Сонымен қатар газ-электр плиталарын шығаратын зауыт салады.
Ақерке Бектас