Қазақстанда агроөнім бағасы 13,4 %-ке өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда агроөнім бағасы 13,4 %-ке өскен

10.11.2020

Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін бірқатар елде ауылшаруашылығы өнімдері қымбаттап жатыр. Қазақстанда агроөнім бағасы былтырмен салыстырғанда 13,4 %-ке өскен. Бұл одаққа мүше өзге мемлекеттермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Қырғызстанда ауылшаруашылық тауарының құны 11,2%, Беларусьте 7,3%, Ресейде 2,7%-ке қымбаттады. Ал Арменияда керісінше бір жылда 9,8%-ке арзандаған. Қазақстанда бағаның өсуіне өсімдік шаруашылығы тауары бағасының 16,7% өсуі себеп дейді сарапшылар.   

Бізде бидайдың тоннасы 53 мың теңгеден асады. Астық Арменияда қымбат, Беларусьте арзан. Есесіне елде арпа мен сәбіздің бағасы арзан. Ал Ресейде сәбіздің тоннасы 500 доллардан асады. Қазақстанда еттің бағасы биыл 3,8%-ке қымбаттады. Статистика көрсеткендей, ірі қара етінің келісі 700 теңгеден асады.

Ақерке Бектас


Қазақстан агроөнім баға

Хабарламаларға жазылу