Tengri bank-тің бұрынғы менеджерлері ұсталды. Бұл туралы Қаржы министрлігі мәлімет таратты. Оған сай банктің басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Бақтияр Ілиясов пен Алматы филиалы директорының экс-орынбасары Әсет Жадықов қамауға алынған. Олар Tengri Bank-тің 8 миллиард теңгеден астам қаржысын қалпына келтірілмейтін несиелер беру арқылы әдейі ұрлаған деген күдікке ілініп отыр. Еске салайық, биыл қыркүйекте Tengri Bank лицензиясынан айырылған болатын.
Амангелді Сейітхан