Экологтар «Бозжыра» шатқалында қонақ үйдің салынуына қарсы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экологтар «Бозжыра» шатқалында қонақ үйдің салынуына қарсы

10.11.2020

Маңғыстауда Бозжыра шатқалы аумағында бой көтеретін қонақ үйдің жобасы қоғамда қызу талқыға түсті. Экологтар мен қоғам белсенділері мемлекеттік ерекше қорғалатын табиғи аймақта демалыс орнын салу, сол жердің табиғатына зиянын тигізеді деген пікірде. Өйткені, Бозжыраны Қызыл кітапқа енген аң-құстар мекен етеді. Құрылыс жұмыстары олардың тыныс-тіршілігіне әсерін тигізбей қоймайды. Сондай-ақ, өсімдіктер мен топырақ жамылғысын бұзады. Қонақ үй салынған күнде арнайы ереже жасалуы тиіс. Сондықтан экологтар қоғамдық тыңдау өткізуді талап етті. Жергілікті әкімдік болса, әзірге ешқандай да жоба жасалмағанын тек, шетелдік инвесторлардан бірнеше ұсыныс түскенін алға тартты. Жалпы «Бозжыра шатқалы» - өңірдің туристік даму кешеніне кіретіндіктен, жобалар қарастырылуда.

Әділбек Қозыбақов, «Табиғи орта батыс Қазақстан» ҮЕҰ өңірлік ассоциацияның кеңес төрағасы: 
-Әсіресе сол Бозжыра маңында кездесетін аң-құстар бар. Қызыл кітапқа енген соларға еш зияны тимейтіндей жоба жасалуы керек. Және құзырлы органдар бақылауды күшейту керек.  
Самат Сүлей, Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз хатшысы:
-Жоба талқыланып жатыр. Инвестор тарапынан жоба нақты белгіленген кезде мамандар, белгілі сарапшылармен қоғамдық тыңдаулар болады. 

Аягөз Оралбайқызы

Бозжыра шатқалы қонақ үй Қызыл кітап

Хабарламаларға жазылу