2020 жылдың қыркүйегінде халықтың банктер алдындағы несиесі 2%-ға артып, 7 трлн теңгеге жеткен. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлім етті.
«Қыркүйекте халықтың кредиті 7 трлн теңгені құрады. Несиенің құрылымын талдасақ, тұтыну қарызы 4,2 трлн теңге, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру есебінен ипотекалық қарыздар 2,1 трлн теңге болды», - дейді Ерболат Досаев.
Ұлттық банк төрағасы хабарлағандай, экономиканы дамыту үшін берілетін несие өсіп, 14,3 трлн теңгеге жеткен. Бұл – ұзақмерзімді несие көлемі. Ал, экономика үшін қысқа мерзімге берілген несие Досаев хабарлағандай, керісінше, азайып, 2 трлн теңгеге түскен.