Тараздық рестораторлар заңсыз тексерістерге наразы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тараздық рестораторлар заңсыз тексерістерге наразы

09.11.2020

Бизнес өкілдерінің айтуынша, оларды пандемия деген желеумен жиі тексеріп, мазасын алады екен. Әсіресе, әкімдік жанындағы медиа-топ, полиция мен төтенше жағдай қызметі тарапынан жасалған қысымнан әбден шаршадық деп отыр. Ал бақылау тобы осы уақытқа дейін түсіндірме жұмыстарын жүргізбеген. Кәсіпкерлер «Ақжол» партиясының облыстық филиалына шағымданды. Олар Үкіметтен арнайы жұмыс тәртібін бекітіп, 50 адамға дейін той жасауға рұқсат беруді талап етті. Саяси құрылым өкілдері мәселені Мәжілісте көтермекші.   

Меруерт Лештаева, кәсіпкер: 
-Санитарлық нормамен рұқсат берсін деп отырмыз. Шектеу шарттарын қайта қарап шығарсын. Мысалы, қазір кинотеатрлар мен мешіттерге 100 адамға дейінгі ауқымда рұқсат берді. Сол сияқты бізге де мүмкіндік берсе екен дейміз. Заңсыз тексеруге біз ұшырап отырмыз. Бізді қорқытып, қоқан-лоқы көрсетеді.  

Дарын Сағитов  


ресторатор заңсыз тексеріс облыстық филиал

Хабарламаларға жазылу