Бір дыбыс - бір әріп. Президент қазақ әліпбиін латынға ауыстыру туралы кеңес өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бір дыбыс - бір әріп. Президент қазақ әліпбиін латынға ауыстыру туралы кеңес өткізді

09.11.2020

Жиында Мәдениет және спорт министрі жаңа әліпби жобасын ұсынды. Ол «бір дыбыс – бір әріп» принципіне сәйкес келеді. Яғни, бір дыбыс екі рет таңбаланбайды. Мемлекет басшысы әліпби жобасын ғалымдармен зерделей отырып, Үкімет жанындағы Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі ұлттық комиссиясы отырысының қарауына енгізуді тапсырды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:  
-Жаңа әліпби бастамасы – бұл күрделі әрі шетін мәселе екенін ұмытпаған жөн. Жаңа графиканы енгізу бір күнде я болмаса бір жылда іске аса қоятын жұмыс емес. Әйтпесе асығыстық, бүкіл мәдениетімізге және тарихи болмысымызға зиян келтіруі мүмкін. Мәселе – кириллицадан латын әліпбиіне аударуда емес, бұл қазақ тілінің ауқымды реформасы деген сөз. Қаржы мәселесін де ескеруіміз керек. Латын әліпбиін енгізу біртіндеп жүзеге асуы тиіс. 

Раушан Сайлауқызы 


Президент қазақ әліпбиі латын графикасы кириллица

Хабарламаларға жазылу