Түркістанда шаруалар малды онлайн саудалап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда шаруалар малды онлайн саудалап жатыр

09.11.2020

Түркістанда шаруалар малды онлайн саудалауға көшті. Карантин кезіндегі электронды коммерция тұрғындардың қауіпсіздігі мен қоса өңірдегі мал бағасын тұрақты ұстауға ықпал етті. Бәйдібек ауданының жас кәсіпкерлері індет өршіген тұста мал базалары жабылған соң, жаңа платформа жасап шығарған. «WhatsApp» пен «Telegram» мессенджерлері арқылы 7 мыңға жуық тұрғын онлайн сауданы пайдаланған. Электронды сауданың арқасында алыс-жақын шетелдерден 3 мыңға тарта ірі қара мен 1305 бас түйе сатып алған. 

Алмас Алтайұлы, шаруа қожалығының төрағасы:
- Карантин кезінде ешқайда шыққан жоқпыз. Алтай аймағынан кәсіпкерлерді онлайн түрінде желіден таптық. Келісім жасадық, өздері жеткізіп берді.

Айнұр Ақбаева

Түркістан шаруа мал онлайн сауда Электронды сауда

Хабарламаларға жазылу