Елімізде ұн бағасы да қымбаттады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше 2019 жылдың осы кезімен салыстырғанда баға 24 процентке көтерілген. Ал бірінші сортты ұн 17,3 пайызға өскен. Қазір ең қымбат ұн Нұр-Сұлтанда. Бір келісі 308 теңге.
Құнның аспандауына экспорттың артуы себеп. Мәселен еліміз биыл 2,4 млн тонна ұн өндірген. Оның 950 мыңы сыртқа тасымалданған.
Досжан Маратұлы