Қымбатшылық дендеп жатқанда, теңгеміз әлсіреп жатыр. Ұлттық банк қаржы нарығындағы тұрақтылықты сақтау үшін қазан айында 91 млн долларға интервенция жасаған. Бұл төл ақшамызды құлдыратпай, бағамын ұстап тұруға мүмкіндік берген. Ұлттық банктің айтуынша интервенция жасауға мұнайдың 10 процентке арзандауы мен коронадағдарыс себеп. Әрі осының кесірінен Ұлттық қордың валюта активтері 1 миллиард долларға азайып отыр.
Ал бүгінгі валюта бағамына тоқтасақ, 1 АҚШ ақшасы - 431, еуро - 511, рубль - 5 теңге 50 тиын.
Досжан Маратұлы