Таразда жұқпалы аурулар ауруханасы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда жұқпалы аурулар ауруханасы ашылады

09.11.2020

Таразда бұрын перзентхана болған нысан жұқпалы аурулар ауруханасы болып қайта жасақталып жатыр. 3 блоктан тұратын аурухана 200 төсек орынға шақталған. Тамыз айының басында басталған жабдықтау жұмыстары толық аяқталған. Енді абаттандыру, әрлеу сынды сыртқы жұмыстары қалған. Жалпы, Жамбыл облысында жұқпалы ауру өрши қалған жағдайға 2530 кереует әзір. 

Әсет Қалиев, Жамбыл облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Жазда болған кемшіліктерді ескердік. Соны алдағы уақытта болдырмау бойынша біршама жұмыстар жүргізілді. Оның ішінде мына екі аурухана қосымша дайындап жатырмыз.

Көкшетауда жұқпалы ауруларды емдеу орталығы ашылды. Аурухана бір уақытта 200 науқасты қабылдай алады. Орталық заманауи медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Аурухана 8 корпусқа бөлінген. Әрқайсысына жеке желдету жүйесі орнатылған. Нысанды салу және жабдықтау үшін 7 миллиард 185 миллион теңге жұмсалды. Қазір медицина ұжымы жасақталуда. Сондай-ақ 8 жылжымалы медициналық кешен және 58 жедел жәрдем көлігі қолданысқа берілді. 

Сәбит Әлдебай

коронавирус аурухана

Хабарламаларға жазылу