Елімізде ПТР-тест пен маска бағасы арзандады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде ПТР-тест пен маска бағасы арзандады

09.11.2020

Елімізде зертханалық қызметтер мен жеке қорғаныш құралдарына жаңа баға белгіленді. Нәтижесінде ПТР-тест бағасы 18 000-нан 9 000-ға дейін төмендетілді. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, аталмыш шаралар коронавирустың екінші толқынына дайындық мақсатында жасалған.  

Ал медициналық маскаларды өндірушілер бір данасын орта есеппен 21 теңгеге сататын болды. Сондай-ақ, делдалдар мен бөлшек сауда желілерінің үстеме бағасы орта есеппен 60 теңгеден 26 теңгеге дейін төмендеді. 

Фариза Мұсақызы

ПТР-тест маска

Хабарламаларға жазылу