Тұман, бұрқасын, көктайғақ - 14 өңірде ескерту жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұман, бұрқасын, көктайғақ - 14 өңірде ескерту жарияланды

09.11.2020
Тұман, бұрқасын, көктайғақ - 14 өңірде ескерту жарияланды

Қазгидрометтің мәліметінше, дүйсенбіде еліміздің 14 өңірінде ескерту жарияланды.

Нұр-Сұлтанда бүгін жаңбыр, қар жауады, көктайғақ болады, желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. 

Ақмола облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал, желдің екпіні 15-20 метрге күшейеді. 

Ақтөбе облысында да тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің екпіні секундына 15-20 метр-ге жетеді. 

Алматы облысында қатты жел тұрып, екпіні секундына 17-22 метрге күшейеді. 

Атырау облысында желдің екпіні секундына 15-20 метр болады деп болжанып отыр. 

ШҚО-да да қатты жел тұрады, екпіні секундына 15-20, 25 метрге жетеді. 

Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, жел күшейеді (секундына 15-20 метр). 

Қарағанды облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал. Желдің екпіні секундына 15-20, 28 метрге жетеді. 

Қостанай облысында да тұман, көктайғақ күтіледі. Секундына 15-20 метр жел тұрады. 

Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрып, желдің ұйытқуы секундына 15-20 метрше жетеді. 

Маңғыстау облысында желдің екпіні 15-20, 23-28 метр болады. 

Павлодар облысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді. 

Солтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады деп болжанып отыр, жел секундына 15-20 метрге күшейеді. 

Түркістан облысында жаңбыр, қар, тұман күтіледі, жел секундына 15-20 метрге күшейеді.

Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге жолда абай болып, ақырын жүруге кеңес береді. Жаяу жүргіншілер жолдан өткен кезде өте мұқият болғаны абзал.


бұрқасын тұман көктайғақ

Хабарламаларға жазылу