Елімізде өткен тәулікте COVID-19 коронавирусы 723 адамға жұққаны тестпен расталды. Ең көп науқас тағы да Шығыс Қазақстан облысында- 353 адам тіркелген. Сонымен бірге мына облыстарда көбірек анықталды: Павлодар облысында – 63, Қостанай облысында – 57, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында 43-тен, Солтүстік Қазақстан облысы- 32,Нұр-Сұлтан қаласы- 49, Алматы қаласы-28.
Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны ПТР-тестпен расталғандар саны 116 162. Жазылғандар 107 668. Қайтыс болғанда 1857. Жазда коронавирус белгісі бар пневмониядан өте көп адамның қайтыс болғаны белгілі. Бірақ ол кезде коронавирус белгісі бар пневмония бойынша есеп жүргізілген жоқ. Ал тамыздан бері хатталып келе жатқан пневмония бойынша өткен тәулікте 176 адам тіркелген. Бір адам қайтыс болған. Тамыздан бері жалпы тіркелгені 39 058. 409 адам қайтыс болған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы біздегі екі бөлек берілетін деректі қосып жариялайды. Сонда елімізде коронавирусқа шалдыққандар саны – 155 220.
Сонымен еліміздің бірнеше облысында шектеу шаралары күшейді. Ертеңнен бастап Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстары, Көкшетау қалаларында блок-бекеттер қойылып, аумаққа кіріп-шығу шектеледі. Ал Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары аумағына кіріп-шығу үшін жолаушылар қолында ПТР-тест нәтижесі болуы тиіс.
Ресми мәлімет бойынша коронавирус көп шығып жатқан Шығыс Қазақстан облысынан Берік Көшербайдың репортажы.