Жолаушы тасымалдаушылар қосымша құн салығынан босатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жолаушы тасымалдаушылар қосымша құн салығынан босатылады

06.11.2020

Елде жолаушы тасымалдаушылар қосымша құн салығынан босатылады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі хабарлады. Өйткені жолаушы тасымалынан түсетін табыс биыл 37%-ке азайған. Бұған қала ішіндегі автобустың және халықаралық, қалааралық тасымалдың карантинде жиі тоқтауы себеп. Енді әкімдік жолаушы тасымалдаушыларды субсидиялауды бастайды. Транспортқа қолдау жыл соңына дейін іске асады. Ал жүк тасымалдауға шектеу болмаған соң пандемия кезінде олар шығынға батқан жоқ. Былтырмен салыстырғанда жүк тасымалының кірісі керісінше 4%-ке көбейген.     

Ақерке Бектас


Жолаушы тасымалдаушылар құн салығы

Хабарламаларға жазылу