Микроқаржы ұйымдарының ресми тізімі шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Микроқаржы ұйымдарының ресми тізімі шықты

06.11.2020

Енді микроқаржы ұйымынан қарыз алмас бұрын оның заңды жұмыс істейтінін арнайы тізімнен тексере аласыз. Қаржы нарығын реттеу агенттігі ломбардтар, микроқаржы және онлайн-кредит ұйымдарының ресми тізімін жасап жатыр. Тіркеуден әзірге 1112 компания өткен. Бұл азаматтардың алаяққа алданып, қаражаттан қағылмауы үшін жасалып отыр. Осы арқылы тұрғындар тек заң бойынша жұмыс істейтін компаниямен байланысады. Айта кетейік, биылдан бастап ломбард пен кредиттік ұйымдардың қызметін агенттік реттейді. Қаржылық ұйым тіркеуден өтпесе, мәжбүрлі түрде таратылатынын еске саламыз.   

Бақытжан Рысымбетов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің департамент директорының орынбасары:  
-Қазіргі таңда есептік тіркеуден және қайта тіркеуден өтпеген заң бойынша микроқаржылық қызметті жүргізуге құқығы жоқ ұйымдар бар. Сондықтан микроқаржы ұйымдары мен ломбардтарға жүгінбес бұрын оларды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтындағы тізімнен тексеріп алыңыз.   

Ақерке Бектас 


Микроқаржы ұйымдары ресми тізім Қаржы нарығын реттеу агенттігі

Хабарламаларға жазылу