ТМД елдері арасында экономикалық даму стратегиясын тиімді іске асыру қажет - Мамин - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТМД елдері арасында экономикалық даму стратегиясын тиімді іске асыру қажет - Мамин

06.11.2020

ТМД елдері арасындағы экономикалық даму стратегиясын тиімді іске асыру қажет. Премьер-Министр Асқар Мамин халықаралық ұйымға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің отырысында осылай деді. Бұған қоса, пандемия салдарын мейлінше азайту тетіктерін бірлесе отырып іздестіру аса маңызды. Онлайн басқосуда Асқар Мамин елімізде құрылып жатқан Ұлттық тауар өткізу жүйесінің моделін кеңейтуді және ТМД-ның Тауар өткізу жүйесін қалыптастыруды ұсынды. Жиында радиоактивті материалдарды трансшекаралық тасымалдау, өзара іс-қимыл туралы келісімдер мен түрлі саладағы ынтымақтастықты нығайту бойынша шешімдер қабылданды.   

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі: 
-2030 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясын тиімді іске асыру мен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту - әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың негізгі факторы. Cонымен қатар, қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлуіміз қажет. Бұл бағыттағы жұмыстар экономиканың тұрақты дамуы мен халықтың тұрмыс сапасын арттыру үшін қосымша жағдай жасауға жол ашады.   

Дарын Сағитов  


ТМД экономикалық даму стратегиясы Премьер-Министр Асқар Мамин

Хабарламаларға жазылу