Атырау облысының тұрғыны 13 жыл бойы қос азаматтықпен жүрген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысының тұрғыны 13 жыл бойы қос азаматтықпен жүрген

06.11.2020

Атырау облысының тұрғыны 13 жыл бойы қос азаматтықпен жүрген. Осы заңсыз әрекеті үшін оған 500 мың теңге айыппұл салынды. 57 жастағы әйел 22 жыл бұрын Ресей азаматына тұрмысқа шығып, кейін сол елге көшіп кеткен. 2007 жылы Ресей азаматтығын қабылдайды. Бірақ, ол туралы елшілікке немесе ішкі істер органдарына мүлде хабарламаған. Заңсыздықты полицейлер мен шекарашылар арнайы тексеріс кезінде анықтады.  


Атырау облысы қос азаматтық Заңсыздық

Хабарламаларға жазылу