Эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумының уақыты кейінге шегерілді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Айта кетейік, маңызды шара қарашаның екінші жартысында қос мемлекет басшыларының қатысуымен Көкшетауда өтеді деп жоспарланған болатын.