Еуропада пандемияның екінші толқыны күшейіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропада пандемияның екінші толқыны күшейіп келеді

06.11.2020

Беларусь президенті Александр Лукашенко Польшаға коронавирус жұқтырғандарды емдеу үшін кеткен дәрігерлерді елге қайта кіргізбейтінін ескертті. Айта кетсек, қазір Еуропа мемлекеттерінде пандемияның екінші толқыны күшейіп келеді. 

Әсіресе, Франциядағы эпидемиялық ахуал қиын. Мұнда бейсенбі күні 58 мыңнан астам адамнан ковид табылды. Соңғы төрт күнде елде осындай рекорд екі рет қайталанған. 

Жалпы алғанда, бұл мемлекетте коронавирус жұқтырғандар саны 1 миллион 600 мыңнан асып отыр. Сондықтан ай басында Францияда ұлттық карантин жарияланды.

Арыстан Рысбек

еуропа коронавирус

Хабарламаларға жазылу