ҚМДБ жұма намазына қатысты мәлімдеме жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚМДБ жұма намазына қатысты мәлімдеме жасады

06.11.2020
ҚМДБ жұма намазына қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіттерде жұма намазын оқуға қатысты мәлімдеме жасады.

«Қазіргі уақытта еліміздің мешіттерінде күнделікті бес уақыт намаз жамағатпен оқылады, алайда жұма намазы уақытша оқылмайды.
Осыған орай, ҚМДБ мұсылман қауымын мемлекет заңына мойынсұнуға және түрлі арандатушылық әрекеттерге салынбауға шақырады. Өйткені Әбу Ханифа мәзһабында жұма намазы дұрыс болу үшін мемлекет басшысы немесе оның орынбасары жалпы рұқсат (изн ғам) беруі шарт. 
Ханафи мәзһабында: «Жұма намазын оқуға рұқсат етілмеген жағдайда, бесін намазы күндегідей жамағатпен оқылады», – делінген («Фәтауа Бәззәзия», 1/69). Сондықтан жұма күні бесін намазы мешіттерде санитарлық талаптарды сақтаған халде жамағатпен оқуға рұқсат етіледі немесе үйінде оқиды», делінген мәлімдемеде.

Діни басқарма жамағатты үкіметтің жұма намазын уақытша тоқтатуға қатысты шешіміне түсіністікпен қарауға және оған сабырлық танытуға шақырды.

Фото: muslim.kz

жұма намазы ҚМДБ мешіт

Хабарламаларға жазылу