Синоптиктер 7-9 қараша аралығында ауа райы қандай болатынын жариялады. Алдағы үш күнде республика аумағында жауын-шашын болып, жел күшейеді.
«Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігіне Ақ теңіз аудандарынан келетін циклон жырасы әсер етеді. Жауын-шашын болады. Елдің басым бөлігінде жел күшеюі ықтимал. Кей жерлерде тұман, көктайғақ және бұрқасын болады», - делінген хабарламада.