Елімізде 3 мыңнан аса жұмысшы табысын ала алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 3 мыңнан аса жұмысшы табысын ала алмай жүр

05.11.2020

Елде 3 мыңнан аса жұмысшының тапқан табысы әлі қолына тимей жүр. Жұмыс берушілердің қызметкерлерге қарызы 1 млрд теңгеден асып кеткен. Жалақы беруден жалтарып жүргендер туралы Андрей Лукин депутаттық сауалында көтерді. 530 млн теңгеден аса қарызын қайтармаған 50 кәсіпорынның 42-сі банкротқа ұшыраған. Тағы 100 млн теңгеден аса жалақыны 16 кәсіпорын бермей отыр. 

Депутаттың айтуынша, олар айлықты алдағы уақытта да төлеуге қауқарсыз. Ал сот дауларында қатысқан және мүлкіне тыйым салынған 30-дан аса компания 1300 қызметкердің жалақысын қайтармаған. Сенатор жұмысшы құқығын қорғау үшін еңбек келісімшартын есепке алудың бірыңғай жүйесін қолдануды ұсынды.

Андрей Лукин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:  
-Қызметкерлердің жұмыспен қамтылуын бақылау үшін әрі жалақы бойынша қарыздың өсуіне жол бермеу үшін еңбек келісімшарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесін қолдануды ұсынамын.  

Ақерке Бектас                                                           


жұмысшы табыс

Хабарламаларға жазылу