Қазақстанның сыртқы қарызы бес жылда 3%-ке, яғни 4,6 млрд долларға көбейген. Ұлттық банктің мәліметінше, биыл жалпы сыртқы қарыз 159 млрд доллардан асқан. Өзге елдермен салыстырғанда мемлекеттің Нидерланд алдында берешегі көп – 44 млрд доллардан асқан. Сондай-ақ Бермуд аралдарына да қарыз айтарлық өскен – 9,5 млрд доллар. Қазақстанның БАӘ мен Германия алдындағы берешегі де аз емес. Көрші Ресейге қарызымыз 34,3%-ке өскен.
Ал бірқатар ел алдындағы міндеттеме керісінше біраз төмендеген. Мәселен, Оңтүстік Корея, Виргин аралдары, Гонконг пен Қытай алдындағы берешек бес жылда 25 процентке дейін азайды.
Ақерке Бектас