Алматы облысында туған нәрестесін тастап кеткен ана ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында туған нәрестесін тастап кеткен ана ұсталды

07.07.2016
Алматы облысында туған нәрестесін тастап кеткен ана ұсталды

Алматы облысы, Іле ауданының, Ақши елді мекенінде әжетханаға жаңа туған нәрестесін тастап кеткен ана ұсталды. Бейкүнә перзентін дәретханада дүниеге әкеліп, 4 метр тереңдікке тастап кеткен жат бауыр келіншек 1992 жылғы Қарасай ауданының тұрғыны екен.

Қазір оның қылмысына қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ал, ауылдағы жеке жер үйдің әжетханасынан 4 шілде күні табылған сәбидің салмағы - 3,3 келі. Осы уақытта оның денсаулығы дәрігерлердің назарында.

Амангелді СЕЙІТХАН   

Хабарламаларға жазылу