Бүгін оқушыларға күзгі демалыс басталды. Карантиндік шараларға орай каникул әдеттегіден 3 күнге ұзарды. Екінші тоқсанның сабағы 16 қарашада басталады.
Нұр-Сұлтан мектептерінде бірінші тоқсан жоспарға сай аяқталды. Қалалық білім басқармасы басшысының мәліметінше, алғашқы екі айда 1-4 сыныптар үшін 3011 кезекші топтар жұмыс істеп, 40 мыңдай оқушы білім алды. Өзге балалар қашықтан оқыды.
Екінші тоқсанда 5-сыныптар үшін кезекші топтар ашу бас санитар дәрігердің қаулысына сай жүзеге асырылады. Басқарма өкілі мұндай сыныптар ашылса, қараша, желтоқсан айларының жалақысы үшін қосымша 300 млн теңгедей қаржы қажет болады. Ол үшін бастауыш сынып оқушыларын тамақтандыруға қаралған қаржы үнемделеді деді.
Дарын Сағитов