АҚШ-тағы президент сайлауы: Байденнің толық жеңісіне 6 дауыс жетпей тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тағы президент сайлауы: Байденнің толық жеңісіне 6 дауыс жетпей тұр

05.11.2020
АҚШ-тағы президент сайлауы: Байденнің толық жеңісіне 6 дауыс жетпей тұр

АҚШ президенттігіне үміткер Джо Байденнің толық жеңісіне сайлаушылардың алты дауысы ғана жетпей тұр. Associated Press пен Fox News-тің хабарлауынша, демократ Джо Байден сайлаушылардың 264 дауысын (50,4% немесе 72 075 753 дауыс) жинаса, президент Дональд Трамп 214 дауыс (48%, 68 600 184 дауыс) иеленген. 


Жеңіске жету үшін кандидаттарға сайлаушылардың 270 дауысы қажет.

Осы орайда Дональд Трамп штабы Мичиган, Пенсильвания және Джорджия штаттарында дауыс санауды тоқтату туралы сотқа арыз түсірді. Олар бұл штаттарда бюллетеньдерді есептеу кезінде ашықтық болмағанын айтып отыр.

Айта кетейік, дауыс санау әлі де жалғасып жатыр. 

Фото: @AP/Carolyn Kaster

АҚШ сайлау президент сайлауы

Хабарламаларға жазылу