Ақтауда «TikTok» түсіру үшін қауіпті трюк жасаған балалар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда «TikTok» түсіру үшін қауіпті трюк жасаған балалар ұсталды

04.11.2020

Ақтауда «TikTok» түсіру үшін 12 қабатты үйдің төбесінде аса қауіпті  трюк жасаған балалар анықталды. Олар өздерін бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Бұл әрекетімен көпті ашуландырған экстремал - 10 жаста. Қасындағы достары да, өзі де 29-шы мектептің 5-сыныбында оқиды. Олардың ата-аналары енді 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.  

  Әйгерім Ибатуллаева, облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы: 
-Балалардың ата-аналарына қатысты ҚР Әкімшілік Кодекстің 127-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберілді.  

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу