Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп, көтерме сауда орталықтарын құруы мүмкін. Бұл ауыл шаруашылығы өнімін ірі сауда орындарына жеткілікті көлемде экспорттау үшін қажет. Бұл туралы қазақстандық делегацияның Өзбекстанға ресми сапары кезінде белгілі болды. Тараптар халықаралық орталық сауда-экономикалық байланысты нығайтуға да сеп болатынын айтады. Ортақ келісімді Өзбекстан «Термез-Мазари-Шариф» сауда-логистикалық орталығы арқылы бекітіп, іске асыруды ұсынды.
Ақерке Бектас