Қоғамдық кеңестер жергілікті бюджеттен қаржыландырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоғамдық кеңестер жергілікті бюджеттен қаржыландырылады

04.11.2020

Бұдан былай қоғамдық кеңестер жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Бүгін Мәжіліс саланың қызметіне бірқатар өзгерту енгізу туралы заң жобасын мақұлдады. Енді кеңестегі іс жүргізуші, сарапшылар қызметінің ақысы мен кеңсе тауарларына кететін шығын облыс, қала және аудан әкімдіктерінің мойнында. Дегенмен қоғамдық кеңесті әкімдіктерге тікелей тәуелді етпеуі тиіс дейді депутаттар. Сондықтан қаражат бөлу құзыретін мәслихаттарға беруді ұсынып отыр.  

Ақерке Бектас 


Қоғамдық кеңес жергілікті бюджет қаржы

Хабарламаларға жазылу