БҚО-да коронавирусты қайта жұқтыру дерегі тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да коронавирусты қайта жұқтыру дерегі тіркелді

04.11.2020

Әйел адам алғаш рет сәуірде сырқаттанса, екінші рет тамызда ауырған. Бұл - еліміздегі алғашқы жағдай. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Әбдірахманованың айтуынша, өңірде кеселге шалдыққандар қатары артып келеді. Мәселен, қазан айында науқастанып ауруханаға түскендер саны 30-дан аспаса, қарашаның басында -ақ 100-ге жуықтады. 

Гүлнар Әбдірахманова, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
Коронавирусты екінші рет жұқтыру жағдайы тіркелді. Ол кісі пандемияның бас кезінде ауырған. Содан кейін жаздың аяғында тағы да сол дертті жұқтырған.

Рауан Диәли

БҚО коронавирус

Хабарламаларға жазылу